Мектебімізде "Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты 2021-2022 оқу жылын аяқтауға арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Бұл күн - жаңа толқынның ер жетіп, есейген сәті, қызығы мен қиыншылығы мол, қайталанбас балалықтың бал дәуренін артқа тастап, үлкен өмірге жолдама алатын аяулы сәті. Бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміздің алдында тұрған басты мақсат - әлемнің басқа халықтарымен бірдей тең дәрежелі білім алу. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен "Балалар жылы" деп жарияланды. "Өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек" - деді Президент, ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы - біздің жалпыұлттық міндетіміз" - деп баса айтты. Балалар жылы қарсаңында мектеп табалдырығын 37 мектеп түлегі аяқтады. Мектеп біріуші түлектерге қорытынды аттестаттау мен Ұлттық бірыңғай тестілеуден жақсы нәтижеге қол жеткізіп, қалаған жоғары оқу орнына түсулеріне тілектестік білдіреміз.

 

2022 жылдың 27 сәуір күні 11-сынып оқушыларының ата-аналарына жиналыс оздырылды. Қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектеп ұжымы ұйымдастырған жиналыстың күн тәртібінде "ЖАС ТҮЛЕК - 2022 Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты тұжырымдама таныстырылды. Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, кері байланыс орнатылды.