Орал қалалық «ЭКОӘЛЕМ» желілік қауымдастығы бойынша 2 сыныптар арасында оздырылған «Мен таңдаған кейіпкер» атты сахналық қойылым байқауында жақсы өнер көрсеткені үшін АЛҒЫС ХАТпен марапатталды. Жетекшілері: Таржманова А.У, Журалиева А.Ж.

Жеңістеріңіз құтты болсын!


Орал қалалық “ЭКОӘЛЕМ” желілік қауымдастығы бойынша 1-сынып оқушылары арасында оздырылған “Мен таңдаған кейіпкер” атты сахналық қойылым байқауы ұйымдастырылды. Өте жақсы өнер көрсеткені үшін 1 сынып оқушылары жүлделі 1-орынға ие болды. Жетекшілері: Закарина Г.С, Сартаева Г.Е


Облыстық білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық "Алтын тұғыр" математикалық олимпиадасының өңірлік кезеңіне қатысып, жүлделі III дәрежелі жеңімпаз атанған әріптестеріміз Д.Бекмұратова мен Б.Габдушованы кезекті жеңістерімен куттыктаймыз!


«Balapan» телеарнасы Республика күніне орай «Менің туым» көркемсурет байқауын ұйымдастырды. Оған еліміздегі 5-10 жас аралығындағы балалар қатысты. Байқауға келіп түскен 95 жұмыстың ішінен 23-і үздік деп танылып, Орал қаласы №50 жалпы орта білім беретін мектебінің 1«В» сынып оқушысы Батырғали Алинұр үздік шыққан суретші авторы дипломымен марапатталды. Марапатты мектебіміздің директоры

М.Е Жумагазиева табыс етті. Сынып жетекшісі Умирзакова Галия Даулетовна.